АСТАНА. ҚазАқпарат - 2023 жылғы 24 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 05:40-та Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 439 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.2. Магнитудасы - MPV 4.0. Эпицентр координаттары - 40,47°, солтүстікке қарай - 73,08°. Тереңдігі - 5 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген ведомствоның кезекші операторы таратқан хабарламада.
Фото: shutterstock.com
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.