Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 07 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 378 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 11.8. Жер сілкінісі ошағының координаттары - 43.21° с.ш. 81.56° в.д. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 10 шақырым. MSK-64 шкаласы бойынша жер дүмпуінің сезілуі – 2 балл», делінген делінген ОСО кезекші операторының хабарласында.