Еске сала кетсек, өткен жылы спортшы Американың «Метрополитен Ритеверс» клубымен келісімшартқа қол қойған, ал 2020 жылдың жазында АҚШ-тағы Princeton Tiger Lilies хоккей клубының бас жаттықтырушысы болды.
«Менің мақсатым – хоккей әлемін бұдан да жарқын қылу. Спортшы әйелдердің тәуелсіз, құқығының көп болғанын қалаймын», - деп түсіндірді ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында .
Бұлбұлдың қазақтың ұлттық киімін көрсетіп отырған бейнебаян спортшының жазылушылары мен фанаттарының ерекше таңданысын тудырды.