Қазақстандық теннисші Ирандағы жарыстың жеңімпазы атанды
20:53, 17 Маусым 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Григорий Ломакин Иран астанасы Тегеранда өткен ITF M15 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Турнирдің бірінші ракеткалары болып тіркелген Г. Ломакин мен ресейлік Егор Агафонов финалда үндістандықтар Ишаке Экбал – Яш Чаурасиямен кездесті.
Қазақстандық-ресейлік жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Г. Ломакин жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда ресейлік Денис Клокқа есе жіберді – 1:6, 2:6.
Григорий Ломакин жұптық сында ATP Live рейтингісінде 247-ден 246-орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Қазақстанның 1-ракеткалары Рыбакина мен Бубликтің туған күндерін атап өтіп жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ, Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалында жеңіліп қалды.
Анна Данилина Ноттингемде финалға бір қадам жетпей тоқтады.