Қазақстандық теннисші Мюнхен турнирінің финалына шыға алмады
А.Голубев франциялық Фабрис Мартенмен бірге жартылай финалда бразилиялық Рафаэль Матос – испаниялық Давид Вега-Эрнандеспен күш сынасты.
Екі партия да тартысты өрбіп, матч тағдыры тай-брейкте шешілді.
Бразилиялық-испаниялық жұп 7:6 (7:1), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында қарсыластар бір-бірден брейк жасады.
Тағы бір қазақстандық Александр Недовесов пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен бірге Португалиядағы Эшторил ATP 250 додасының жартылай финалына өте алмады.
Олар осы жарыстың 1-ракеткалары, ұлыбританиялық Джейми Маррей – жаңазеландиялық Майкл Винуске есе жіберді – 4:6, 4:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ӘЧ іріктеу кезеңінде үшінші орынға таласатынын, Елена Рыбакинаның Мадрид турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.