Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің финалына шықты

Фото: Очиқ манбалардан олинган фотосурат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Рим челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші украиналық Денис Молчановпен бірге жартылай финалда осы жарыстың бірінші ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия - Фабьен Рубельмен кездесуі керек еді.

Алайда, қарсыластары келмей қалды да, қазақстандық-украиналық жұп ойнамастан финалға жолдама алды.

А. Голубев пен Д. Молчанов соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, колумбиялық Николас Баррьентос - португалиялық Франсишку Кабральмен бас жүлдені сарапқа салады.

Финал сенбі күні өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Рим жарысының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Сергей Квак әлем чемпионатына жолдама алу үшін барын салатынын айтты.

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады.