Әлемнің 182-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 233-орында тұрған босниялық Мирза Башичпен кездесті.
Қазақстандық теннисші 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық, рейтингте 180-сатыдағы Дмитрий Попко әлемнің 124-ракеткасы, испаниялық Сапата Миральес Бернабемен шеберлік байқасты.
Д.Попко қарсыласын 6:1, 7:5 есебімен ұтты.
Сондай-ақ рейтингте 257-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 150-ракеткасы, франциялық Уго Греньеден айласын асырды - 6:3, 6:2.
Іріктеу сайыстарының финалына шығу үшін М.Кукушкин рейтингте 230-орындағы нидерландылық Робин Хасемен, Д.Попко 990-сатыдағы аустралиялық Филип Секуличпен, Т.Скатов тағы бір аустралиялық, әлемнің 497-ракеткасы Дэйн Суинимен таласады.
Аустралия ашық чемпионаты - жыл сайын өтетін «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқысы. Негізгі турнирде Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик бақ сынайтын болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Аделаида турнирінің финалында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.