Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото:
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Жанель Рүстемова жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың алғашқы айналымында қазақстандық жұп түркиялық Нехир Доган – болгариялық Эмма Фантусиспен шеберлік байқасты.

С.Кенжебаева мен Ж.Рүстемова тартысты бәсекеде жеңісті жұлып алды – 4:6, 6:0, 10:4.

Қазақстандық жұптың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. 17 жастағы Сандуғаш іріктеу сайыстарының финалында швециялық Нора Свенсонды тізе бүктірді – 6:2, 7:6 (7:3). Ал 18 жастағы Жанель словениялық Брина Сулиннің меселін қайырды – 6:3, 6:4. Енді олар негізгі додада бақ сынайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ақ 15 жасар қазақстандық теннисшінің ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирін сәтті бастады.