Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирін сәтті бастады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Анна Данилина АҚШ-тың Форт-Уорт қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші WTA қорытынды турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Пэм Шрайвер тобында бастапқы кездесуін Габриэла Дабровски (Канада) - Джулиана Ольмос (Мексика) жұбымен өткізді.

Бірінші партияда Анна мен Беатрис 7:5 есебімен басым түсті.

Қазақстандық-бразилиялық жұп екінші сетте бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Олар бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Қазақстандық-бразилиялық жұп аталмыш топта сондай-ақ Людмила Киченок (Украина) - Елена Остапенко (Латвия) және Элизе Мертенс (Бельгия) - Вероника Кудерметовамен (Ресей) шеберлік байқасады.

Әр топтан екі үздік жұп плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисші қатысатын WTA қорытынды турнирінің жеребесі тартылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 15 жасар қазақстандық теннисші ересектер арасындағы халықаралық турнирге жолдама алды.


Фото: ktf.kz