Қазақстандық теннисшілердің АҚШ ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, еліміздің ерлер арасында бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 71-орында тұрған франциялық Уго Гастонмен кездеседі.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы, Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.
Рейтингте 39-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 24-ракеткасы, америкалық Аманда Анисимовадан өтуге тырысып көреді.
Сондай-ақ Анна Данилина, Андрей Голубев және Александр Недовесов жұптық сында жарысқа қатысады. Олардың қарсыластары кейін анықталады.
US Open додасы 29 тамыз - 10 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ ашық чемпионатының іріктеу сайысында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты.