Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, еліміздің бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик ATP 250 Great Ocean Road Open додасын екінші айналымнан бастайды.
Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик екінші айналымда аустралиялық Кристофер О'Коннелл немесе германиялық Доминик Кёпфердің қай жеңгенімен кездеседі.
Сондай-ақ А.Бублик жұптық сында Андрей Голубевпен бірге өнер көрсетеді.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 89-ракеткасы Михаил Кукушкин Мельбурндағы Murray River Open турнирінде бақ сынайды.
Ол алғашқы айналымда аргентиналық, рейтингте өзінен 8 саты жоғары тұрған Хуан Лондеромен шеберлік байқасады.
Мельбурнда сондай-ақ әйелдер арасында да екі турнир өтеді.
Мұның бәрі, бір жағынан, теннисшілер үшін 8 ақпанда басталатын Аустралия ашық чемпионаты алдындағы дайындық есебінде болмақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Анталия турнирінің финалына шыққанын, Ярослава Шведованың Мельбурндағы жарыстың екінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.