Мәселен, «Kartop.TV» жобасының қатысушалары көлік қозғалысын қолмен реттеудің түсінісіздігін әжуаға айналдырып, ролик жариялады. Ал көкшетаулық вайнер Territima алатаяқсыз жүрген жол полициясы қызметкерлерін такси ұстап тұрған жолаушыларға теңеді.
Айта кетейік, 1 қаңтардан бастап еліміздегі жол-патрульдік полиция қызметкерлері толығымен автопатрульге ауысты. Бұдан былай көшеде ережені бұзған көлік жүргізушілерін алатаяқпен тоқтатуға рұқсат жоқ. Қала сыртындағы бекеттерде машинаны тоқтатуға болады. Алайда соның өзінде полиция қызметкері қолмен белгі беруі тиіс.