Қазақстандық велошабандоз із кесу жарысында мәре сызығын екінші болып қиды. Бас жүлде 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанған жапониялық Эйя Хасимотоға бұйырды. Қола жүлдені гонконгтық Лян Чунь Вин иеленді.
Бұл - құрлықтық додада ел құрамасы қоржынына түскен 2-медаль.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыс жолына ел құрамасынан Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов шықты. Олар 4 шақырымды 4:00.4 секундта жүріп өтті.
Биыл құрлықтық додаға Азия құрлығының 30 елінен үздіктер жиналды. Олардың арасында 14 қазақстандық велошабандоз ел намысын қорғайды.
Малайзиядағы жарыста 2024 жылғы Париж Олимпиадасы жолдама алуға мүмкіндік беретін ұпайлар үлестіріледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.