АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – «Жайсаң» шекара бекеті арқылы жасырын өтпек болған қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шағын жүк көлінің ішіндегі жәшікке шығылған. Қазақстан азаматы Ресей Федерациясына заңсыз өтпек болды.
«Аталған факті бойынша көлік құралының жүргізушісін қылмыстық жауапқа, тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік жауапқа тарту бойынша шешім қабылданып жатыр», - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.