«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші аптасы өтті. Бүгінгі таңда 36 мың қазақстандыққа олардың автомобильдерін заңдастыру мақұлданды. 16 мыңға жуық адам өз көліктерін тіркеуден өткізген», - деді Шұғыла Тұрлыбек
Сондай-ақ ол заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасатынын еске салды.
«Өтінім беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы eGov.kz; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы; сондай-ақ ХҚКО-ларда қабылданады», - деді ІІМ өкілі.