Қазақстандықтар Қанат Нұртазиновты ақтық сапарға шығарып салды

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Жезқазған жұртшылығы браконьерлер қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарақшының оғынан ажал құшқан табиғат қорғаушысымен қоштасуға қарақұрым халық жиналды. Марқұмныңтуыстары мен достары, әріптестері, жерлестері - барлығы жүр. Қанышты ақтық сапарға шығарыпсалу кезінде жиналған қауым оның әділет пен заңды әрдайым алға қойғанержүрек жан болғанын айтты.

«Елбасымен Президент атынан, барлық қазақстандықтар атынан Қаныш Нұртазиновтыңтуған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Мемлекет басшысы осықайғылы оқиғаны естіген бетте қылмыстық істі жеке бақылауға алып,ішкі істер министріне тиісті тапсырмалар берді. Қаныш бізге Отанға деген адалдық,қызметтік борышын орындау кезіндегі жанқиярлық үлгісін көрсетті. Біз экологияминистрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге осы қайғыны бөлісіп, демеу үшін келдік», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.


Мемлекет басшысыныңЖарлығымен Қаныш Нұртазинов қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденіменмарапатталды. Президент атынан ҚР Экология министрі Қарағанды облысы әкіміменбірге қаза болған қорықшының отбасына мемлекеттік награданы табыс етті.


Марқұм инспектордың отбасы материалдықкөмек алады. Ерлан Қошанов сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша батырдың ерлігі мәңгі есте қалатынын айтты. Ұлытау ауданындағы көшелердің біріне Қаныш Нұртазиновтың есімі беріледі.

«Бүгін рухы мықты, адал да ержүрек, қайсар ер, еліміздіңабыройлы азаматы Қаныш Серікұлын соңғы сапарға аттандырғалы тұрмыз. Көңілі жарқын,сертіне берік, ғұмырын шынайы еңбекке арнаған Қаныш Серікұлының ғұмыры небәрі43 жасында үзілді. Бұл жағдай - біз үшінорны толмас қайғы. Барлығымыздың қабырғамыз қайысып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президентҚасым-Жомарт Тоқаев бұл қайғыға ортақтасып, шынайы көңіл айтып жатыр. Осындайер мінезді азамат тәрбиелеген ата-ана, туған-туыс, жанұясына шексіз алғысайтамыз. Артында қалған анасына, жұбайына, бес баласына Алла қуат беріп,мейірімін төге көр дейміз. Президенттің тапсырысымен қолдан келген барлықкөмек-қолдау жасалатынына кепіл береміз. Нұртазинов Қаныш Серікұлы 2016 жылдың қаңтарынан бастап Охотзоопроммекемесіне Орталық аймақтық филиалдың инспекторы болып қызметке қабылданды. Осыуақыт аралағында өте жауапты, адал қызмет атқарып, әріптестері арасында үлкенқұрметке, беделге ие болды», - деді ҚР Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев.


Марқұм қорықшы 43жаста еді. Әскерден кейін құқықтық білім алып, өз өмірінтәртіп саласымен байланыстырған. Бірнеше жыл туған ауылында учаскелікинспектор болып жұмыс істеді. Үш жыл бұрын ішкі істер органдарынан отставкағашыққаннан кейін табиғат қорғау қызметіне ауысқан.

Еске сала кетейік, ҚанышНұртазинов әріптесімен бірге ақбөкен аулаған қаскүнемдерді құрықтамақ болған.Оқиға Ақмола облысының Жарқайың ауданында орын алды. Қорықшыларға қарсы оқатқан браконьерлер бір инспекторды өлтіріп, екіншісін ауыр жарақаттағанболатын. Аталмыш оқиға ІІМ бақылауына алынып, қылмыскерлерді құрықтау бойынша тиісті шараларқолданылды. Ал Президент қаза болған қорықшының отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.

Жерлесінің қазаболғаны туралы тараған қайғылы хабар әрбір қоскөлдіктің қабырғасын қайыстырды.Ауыл тұрғындары оны жеке қайғысы ретінде қабылдап, Қаныштың отбасын қолдау үшінбірігіп, көмектерін аямады.

«Біздің ауыл шағын.Бәріміз бір-бірімізді білеміз. Қаныш керемет мейірімді және ақжарқын адам еді.Оны барлығымыз құрметтеуші едік. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қанышымыздыңтуғандары және ауылдастарымен бірге қайғымызға ортақтасып, көңіл айтқаны үшіналғысымызды білдіреміз. Марапаттау туралы шешім дұрыс және әділ деп санаймыз.Әрине, бұл баллалар үшін әкесінің, әйеліне жұбайынын орнын толтырмайды. Бірақоларды осы бір ауыр қасіретімен жалғыз қалмағанан көрсетуде. Қорықшылық жұмысөте қауіпті және мемлекет деңгейінде адам өмірін қорғау үшін шаралар қабылдауқажет», - дейді Қоскөл тұрғыны Хамзат Жаналинов.

Қоштасу рәсіміненкейін бақилық болған қорықшының денесі туған жеріне апарып жерленді.