Қазақстандықтар мемқызметшінің бейәдеп істеріне онлайн шағым жасай алады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этиканы бұзу фактілері туралы онлайн хабарлауға болады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қоғаммен байланыс департамент басшысының орынбасары Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агенттіктің жаңа сайтында (qyzmet.gov.kz) мемлекеттікқызметтегі бос орындар туралы білуге болады. Жаңа сайтты 2 апта бойытестілеуден өткіздік. Мемлекеттік және құқық қорғау қызмет етуге ынтасы баразаматтар үшін «Мемлекеттік қызметке түскім келеді» арнайы бөлімі іске қосылды.Және ол жердегі ақпарат күнделікті жаңартылып тұрады. Сонымен қатар, ол бөлімдереспубликалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғаорналасуға арналған байқаулар туралы хабарландырулар жарияланады», - деді Жанна Бастарова.

Сондай-ақ, агенттік өкілі ендігі уақытта мемлекеттікқызметшілердің әдепсіз мінез-құлқына онлайн түрде шағымдану мүмкіндігі пайдаболғанын айтып өтті.

«Мемлекеттік қызметшілермен қызметтік этиканы бұзу фактілерітуралы хабарлау үшін «Әдепсіз мінез-құлық туралы хабарлау» бөлімі жұмысжасайды. Ол жерде бейәдеп қылық көрсеткен мемлекеттік қызметшінің аты-жөні менқызметін қалдырады. Және уақытын көрсету қажет. Одан әрі ол шағым Мемлекеттікқызмет саласындағы бақылау депртаментіне жөнелтіледі. Ондағы мамандар мәселеніңмән жайын анықтап тексереді. Одан бөлек, аталған бөлімде департаментбасшыларының жұмыс телефондары көрсетілген. Яғни, басшылыққа тікелей хабарласып айтуға да болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар