Мотоцикл мен жеңіл көлік басқаруға құқық беретін жүргізуші куәлігін енді автомектепте оқымай-ақ алуға мүмкіндік беретін жаңа заң жақын болашақта қабылдануы тиіс. Өздігінен білім алған болашақ жүргізушілер емтиханды тек арнайы ХҚКО-да ғана тапсыра алатын болады.
«Бұл нені білдіреді? Бізде қазір білімді жекеменшік автомектептерде алады. Дегенмен бізде кітаптар бар, интернетте ақпараттар да жетерлік. Жолда жүру ережелеріне кез келген азамат қол жеткізе алады. Өздігінен сынақ сұрақтарына дайындалады. Практикалық сабақтар үшін жеке компания көліктерін жалдай алады. Ондай азаматтар арнайы ХҚКО-ға өтініш тастап, өздігінен емтихан тапсыра алуына мүмкіндік беріледі. Демек, автомектепке уақыт сарп етпей-ақ, куәлік алса да болады», - деді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.
Оның айтуынша, мұндай жаңашылдық 1 сәуірден бастап енеді.