«2016 жылы ТМД елдерінен жұмыс істеуге келген жеке азаматтарға 322 685 рұқсат рәсімделді. Олардың басым көпшілігі Астана қаласында (42 392 адам), Оңтүстік Қазақстан облысында (61 374) және Алматы облысында (48 382) тіркелді»,-деп атап өтілген ведомство мәліметінде.
Өткен жылдың деректеріне сүйенсек, елімізге келуші еңбек мигранттарының басым бөлігі Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болды.
«Осы орайда көршілес Өзбекстаннан 302 422 адам, ал Тәжікстаннан 12 041 адам рәсімделді. Еңбек қызметін жүзеге асыру шартын бұзғаны үшін 9 581 шетел азаматы жауапкершілікке тартылды»,-дейді министрлік өкілдері.
Белгілі болғандай, аталған екі елден келген еңбек мигранттарын заңды тұлғалар емес, көбінесе еліміздің жеке азаматтар тартады. Сонымен қатар, олардың басым бөлігі құрылыс саласына жұмылдырылып отыр.