Қазақстанға гүлдер қай мемлекеттерден жеткізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Ведомство мәліметінше, 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі — Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:

• Қытай — 2 678 тонна
• Нидерланд — 1 702 тонна
• Колумбия — 778 тонна
• Кения — 739 тонна

— Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған — 6 219 тонна, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Астанада халықаралық гүлдер көрмесі өткенін жазған едік.