Қазақстаннан «қылмыс әлемінің серкесі» қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстан аумағынан «қылмыс әлемінің серкесі» грузин Давид Герлиани шығарылды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ҚР ІІМ және ҰҚК қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін «Дато Сван» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің беделдісі грузин Герлиани Давид Нугзарұлын республика аумағына келуге тыйым сала отырып, шығарып жіберді. Ол еліміздің аумағына «ұрылар идеологиясын» тарату мақсатында өзге біреудің төлқұжат мәліметтерімен келген.  Министрлік таяу және алыс шет елдердің қылмыс әлемі өкілдерінің республикаға енуіне жол бермеу шараларын тұрақты негізде жүзеге асыруда», - деді Алмас Садубаев.