Елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде бұршақ түсіп, күшті жел соғады.
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Іле Алатауының таулы бөлігінде де жауын-шашын мен найзағай болжанып отыр.
Алматы қаласында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Желдің екпіні кей уақытта секундына 28 метрге дейін күшейеді.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады.
Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Өңірде күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі жарияланған.
Абай облысында күндіз аптап ыстық болады.
Ауа температурасы 35 градусқа дейін жетеді.
Өңірдің бірнеше ауданында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай болады.
Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және күшті жел күтіледі.
Кей аудандарда шаңды дауыл соғуы мүмкін.
Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады.
Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Шымкент қаласында өткіншіжаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Қызылорда облысының басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр жауады.
Таулы өңірлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр мен найзағай болады.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болады.
Орал қаласында да күндіз қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Тараз қаласында да күндіз қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Айта кетейік, Астанада алдағы үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтеді.