Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел болады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM - 13 қыркүйекте Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның бірқатар облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды. Кей өңірлерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман болады, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Алматыда өрт қаупі жоғары. Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады. Семейде өрт қаупі жоғары деңгейде.

Ақмола облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Батыс және солтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Күндіз де найзағаймен жаңбыр жауады, батыс пен солтүстікте қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі. Түнде және таңертең батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, солтүстік, оңтүстік және шығыста кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік, солтүстік, шығыс және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Көкшетауда жаңбыр жауып, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр және найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысында күндіз солтүстік және шығыс аудандарда желдің екпіні 15–18 м/с болады. Солтүстік-шығыс және солтүстік-батыста өрт қаупі жоғары, облыс бойынша төтенше деңгейде сақталады.

Алматы облысында күндіз оңтүстікте аздаған жаңбыр жауады. Таулы аудандарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік, шығыс және таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Орталық, батыс және шығыста өрт қаупі төтенше, солтүстік пен оңтүстікте жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс аудандарда тұман болады. Шығыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде. Өскеменде де өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады, сондай-ақ тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең оңтүстік пен шығыста тұман болады.

Қарағанды облысында батыс және солтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, солтүстікте кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары, батыста төтенше деңгейде сақталады. Қарағандыда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанай облысында батыс, солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түседі. Солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, күндіз солтүстік және шығыста кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс және оңтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Қостанайда жаңбыр жауып, найзағай болады, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысында облыс бойынша және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Солтүстік және орталық аудандарда өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығыста төтенше деңгейде сақталады. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысында батыс, солтүстік және шығыс аудандарда аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, оңтүстікте кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Павлодарда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с болады, өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік және оңтүстік аудандарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Батыс және солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с болады. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с болады. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысында облыс бойынша және Түркістан қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында түнде және таңертең батыс пен солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай болады. Солтүстік және шығыста тұман түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз солтүстікте кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда желдің екпіні 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан ормандарында биыл 70-тен астам өрт шыққан.