Қазақстанның қай өңірлерінде оқушылар сабақты қашықтан оқиды

Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Өңірлік білім басқармалары таратқан мәліметтерге қарағанда, ертең, 16 қаңтар күні де еліміздегі бірқатар өңірде сабақ қашықтан оқытылады.

Солтүстік Қазақстан облысында – 37 градус суық болады. Осы себепті мектептердегі бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Ақтөбе қаласы білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық мектептердің 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды.

- Ал Атырау қаласында сабақ офлайн болады. Тек Жылыой, Индер және Мақат аудандарының оқушылары ғана қашықтан білім алады, - деп хабарлады өңірлік білім басқармасы.

Осыған дейін астаналық оқушылар мен студенттер тағы да онлайн оқитынын жаздық.