Солтүстік Қазақстан облысында – 37 градус суық болады. Осы себепті мектептердегі бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақты онлайн оқиды.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты 1 және 2 ауысымда оқитын 0–9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Ақтөбе қаласы білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы барлық мектептердің 1-11 сынып оқушылары сабақты онлайн оқиды.
- Ал Атырау қаласында сабақ офлайн болады. Тек Жылыой, Индер және Мақат аудандарының оқушылары ғана қашықтан білім алады, - деп хабарлады өңірлік білім басқармасы.
Осыған дейін астаналық оқушылар мен студенттер тағы да онлайн оқитынын жаздық.