Қазақстанның тазысы әлем чемпионатында тазы тұқымдас иттер арасында үздік төрттікке енді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Челси» атты тазы Италияның Болонья қаласында өтіп жатқан World Dog Show 2026 әлем чемпионатында жас иттер арасында тазы тұқымдас иттер тобы бойынша төртінші орын алды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еуроодақтағы меншікті тілшісі.

Фото: Арнұр Рахымбеков / Kazinform

Айта кетейік, бұл күндері қазақстандық тазы тұқымы әлемдегі ең беделді кинологиялық алаңдардың бірі – World Dog Show 2026 көрмесінде таныстырылып жатыр. Ұлттық тұқым 2024 жылы Халықаралық кинология федерациясының (FCI) алдын ала мойындауына ие болған.

Қазақстан кинологтар одағының мәліметінше, көрмеге қатысқан қазақстандық тазылар бірнеше беделді атаққа ие болды.

Club Show-2026 көрмесінің нәтижелері:

– Үздік жас төбет – Ақтабан (Астана, иесі Б. Қасымбергебаев);
– Үздік жас ұрғашы тазы – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);
– Үздік төбет – Лашын (Астана, иесі И. Бектібаева);
– Үздік ұрғашы тазы – Рея (Астана, иесі И. Бектібаева);
– Тұқымның үздік өкілі, Club Show-2026 жеңімпазы – Лашын.

ENCI Winner-2026 халықаралық көрмесінің нәтижелері:

– Үздік жас төбет – Челси (Астана, иесі М. Жанпейісов);
– Үздік жас ұрғашы тазы – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);
– Үздік төбет – Перс (Астана, иесі П. Гордиенко);
– Үздік ұрғашы тазы – Рея (Астана, иесі И. Бектібаева);
– Тұқымның үздік өкілі, ENCI Winner-2026 жеңімпазы – Перс.

World Dog Show 2026 нәтижелері:

– Үздік жас төбет – Челси (Астана, иесі М. Жанпейісов);
– Үздік жас ұрғашы тазы – Табиғат (Алматы, иесі Т. Каримов);
– Үздік төбет – Лашын (Астана, иесі И. Бектыбаева);
– Үздік ұрғашы тазы – Рея (Астана, иесі И. Бектыбаева);
– Тұқымның үздік өкілі, WDS-2026 жеңімпазы – Лашын.

Жас әлем чемпиондары (WDS-2026):
– Челси;
– Табиғат.

Әлем чемпиондары (WDS-2026):
– Лашын;
– Рея.

Италия чемпиондары:
– Дастер;
– Лашын;
– Рея;
– Перс;
– Арлан.

Италияның жас чемпиондары:
– Челси;
– Табиғат;
– Ақтабан.

Италия чемпионы атағына үміткер:
– Кербез.

Чемпиондар сыныбындағы резервтік жеңімпаз:
– Сарбаз.

Қазақстан кинологтар одағы бұл жетістіктер тазы тұқымының халықаралық деңгейде кеңінен танылуына ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, World Dog Show көрмесіне әлемнің ондаған елінен мыңдаған ит қатысады және ол кинология саласындағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі саналады.