Вице-министрдің айтуынша, 4300 сотталушы түрмелерде камералар бойынша ұсталады. «Ағымдағы жылы Орал мен Қызылорда қалаларында екі түзеу мекемесінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Оларда камералық ұстау бойынша 1800 адам орналасатын болады», - дейді А. Күреңбеков.
Оның айтуынша, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі құқықтық саясаты тұжырымдамасына сәйкес, сотталушыларды отрядтық-барақтық түрден камералар бойынша ұстауға ауыстыру көзделген.