«Биыл еліміздің Әуе қорғанысы күштеріне түріктің «Аnka» барлау және соққы беруші аппаратын жеткізу жоспарланған. Жалпы еліміздің Қарулы Күштерінде әр түрлі мақсаттағы ҰҰА бар. Атап айтқанда израильдің «Skylark-1», қытайдың «Wing Loong» құрылғылары қолданылады», - деп жазылған ресми жауапта.
Алайда аталған қондырғылардың нақты саны құпия дерек болып есептеледі.
«Қолданыстағы ұшқышсыз ұшатын аппараттардың нақты саны жөніндегі ақпарат таратылуы шектеулі мәлімет болып саналады», -делінген министрліктің жауабында.
Еске cалсақ, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың еліміздің әскерін қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы мақаласында Қазақстан түріктің «Anka» тектес дрондарын сатып алу мәселесін қарастырып жатқаны айтылған болатын.
Фото: gov.kz