Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігіне ӘР ұлттық сыйлығы берілді

БАКУ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Баку қаласындағы Four Seasons қонақүйінде 26 қаңтар күні Business Time журналының нұсқасы бойынша Әзірбайжанның бизнес саласындағы Azeri Business Award жыл сайынғы Ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Бұл елдің экономикалық секторындағы ең беделді сыйлықтарының бірі болып табылады.

Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінің әкімшілік ғимарат пен тұрғын үй құрылысы жобасы «Халықаралық жобалар аясындағы инновациялық сәулет шешімдері» аталымы бойынша Azeri Business Award-2012 Ұлттық сыйлығына ие болды. Жобаны Caspian Service ЖШҚ компаниясы орындаған болатын.

AZERI BUSINESS AWARD ұлттық сыйлығы Әзірбайжанның бизнес әлеміндегі жетекші басылымдарының бірі - Business Time журналымен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастыру мақсаты - өз қызметінде үздік көрсеткіштерге қол жеткізген компанияларды жариялау жолымен ұлттық бизнестің жаңа имиджін құру.