1 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан есетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
1 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.