«Біз гранттық жобаларды орындау кезінде қоғамда ғылымға деген небір жауапсыз адамдармен бетпе-бет келеміз, авторлардың шығармаларын ұрлау оқиғасы жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктермен күресу үшін, зерттеу қызметін этикалық тұрғыдан реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз», - дейді М.Орынханов.
Вице-министр «Бұл стандарттар ғылыми зерттеулерді іске асыру, жоспарлау және бағалаудың барлық кезеңдерінде пайдаланылатынын, стандарттарды бұзатын барлық әрекеттер тоқтатылатынын» тілге тиек етті.