Қазақстанның Ішкі әскерлері 5 мыңнан астам сарбазбен толықты

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ішкі әскерлері 5 мыңнан астам сарбазбен толықты. Олардың 500-і бүгін Астанада әскери ант қабылдады.

«Олардың барлығы жас сарбаздарды даярлау курстарынан өтті. Аталмыш курстар барысында олар әскери қызметтің «әліппесін» меңгереді. Одан кейін ант қабылдау шарасы өткізіліп, әскери қызметті өткізетін жасақтар бойынша бөлінеді», - деп атап өтті ҚР ІІМ Ішкі әскерлер комитетінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасы төрағасының орынбасары Савердин Имиров.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні Қазақстанның Ішкі әскерлеріне 21 жыл толды. Қазіргі уақытта әскерилер 13 мемлекеттік стратегиялық нысандарды күзетеді. Олардың ішінде Ядролық физика институты, Банкнота фабрикасы, Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталық, Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты, аумағында Монеталық аула орналасқан Үлбі металлургиялық зауыт бар.