«Жергілікті атқарушы органдар оқушылардың мектепке қатынауын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлгені жөн. Бүгін біздің елімізде мектебі жоқ 1523 ауыл бар. Ол жерде 27 мыңнан астам бала тұрып жатыр», - деді М.Әбдікәрім ОКҚ өткен баспасөз конференциясында.
Сондай-ақ, ол мектептерде оқушыларды тамақтандыру мәселесін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.