Қазақстанның жас теннисшілері Дэвис Кубогының үздік төрттігіне енді
«Бұл - жоғарғы деңгей! Балалар тырысты, керемет ойын көрсетті!» – дейді Қазақстан Теннис Федерациясы Қарағанды филиалының кеңесшісі Диас Досқараев.
Естеріңізге сала кетейік, Juniors Davis Cup турнирі биыл Нью-Делиде өтті. Жасөспірімдер – Әмір Омарханов (Қарағанды), Виталий Зацепин (Қарағанды), Данир Қалдыбеков (Алматы) және капитан Жансұлтан Шымботаев (Нұр-Сұлтан) – «С» тобында Шри-Ланка, Вьетнам және Таиланд командаларын жеңді. 1/4 финалда олар Оңтүстік Корея өкілдерімен жеңіс үшін таласты.
Бастапқы ойында Әмір Омарханов қарсыластарының көшбасшысын 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, қазақстандық команданы алға шығарды. Екінші ойында Данир Қалдыбеков ұтылды.
Шешуші жұптық ойында Амир Омарханов пен Виталий Зацепин жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды. Содан кейінгі ойын турнир иелері – Үндістан құрамасымен болды, оны қазақстандықтар 0:2 есебімен жеңді. Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар Австралияның ең мықты командасына жол беріп қойды.
«Әмір Омархановты атап өткім келеді. Ол керемет ойын көрсетті. Барлық кездесулерде жеңіске жетті. Бірақ үндістандық қарсыласына сәл күші жетпей қалды. Әмір барлық қатысушылардан жас екенін ұмытпайық. Шын мәнінде мен өте қуаныштымын! Менің ойымша, бұдан да үлкен нәтиже болады!» – дейді Диас Досқараев.