НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисшілер Аружан Сағындықова мен Максим Батютенко жастар арасында Франция ашық чемпионатында ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, олардың екеуі де – Team Kazakhstan академиясының түлектері.
Елордалық Аружан Сағындықова мен қарағандылық М.Батютенко аталмыш «Үлкен дулыға» турнирінің іріктеу сайысында бақ сынайды.
Ролан Гарростың жастар арасындағы бәсекелері 29 мамыр – 4 маусым аралығында өтеді.
Бүгін Ролан Гаррос жарысында Қазақстаннан ерлер жұптық сында ойнап жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде қазақстандық теннисшілердің бастапқы кездесулерін сәтті өткізгенін, 13 жасар Заңғар Нұрланұлының Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).