— «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленсін, — делінген Үкімет қаулысында.
Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы «Киберқауіпсіздік туралы» заңға сәйкес белгіленді.
Қаулы 2026 жылғы 23 қазанда күшіне енеді.
Еске салайық, биыл 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда бейнебақылау камераларын орналастыруға қатысты жаңа талаптар күшіне енді.
Бұған дейін Семейде «Сергек» камералары 123 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркегені хабарланған еді.