АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай өзінің жеңісіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиоржон Меликузиевпен екінші рет кездескенін айтты.
«Бапкерлеріммен бірге тактика жасап, жоспар құрдық. Соның нәтижесінде бәрі ойдағыдай болып, жеңіске жеттім. Осымен тоқталып қалмаймыз. Алла қаласа, қазақтың көк туын желбіретсем деймін», - деді С. Тәшкенбай.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырханның алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған едік.
Сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).