Электр энергиясының, астықтың, техникалар мен құрал-жабдықтардың қымбаттағанына қарамастан соңғы екі жылда аймақтың атқарушы билігі Ақтөбедегі 1-інші сұрыпты бөлке нанды 39 теңге шегінде ұстап тұрды. Ал бүгінгі күні 1-інші сұрыпты бөлке нанның бағасы республика бойынша 47 теңгені құрайды.
Ерсайын Әжібаевтың айтуынша, нанның төмен бағасы осы уақытқа дейін тұрақтандыру қорын құру есебінен ұсталып келген.