«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ауа райына байланысты ескерту жасады
14:13, 02 Қараша 2025
АСТАНА. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ҰК акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облысында болы ықтимал тұмағна байланысты жүргізушілерге ескерту жасады.
Компанияның баспасөз қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 2 қарашадан 3 қарашаға қараған түні және таңертең, сондай-3 қараша күні түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар Орал қаласында бүгін түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Осы ретте акционерлік қоғам жол жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтап, ауа-райының қолайсыздығын ескеріп, ұзақ жолға шықпауға шақырды.
Осыған дейін «ҚазАвтоЖол» Абай облысының жүргізушілеріне үндеу жасаған болатын.