Нақтыланған болжамға сәйкес биылғы жылдың маусымында атмосфералық құрғақшылық еліміздің төрт өңірінде күтілетіні хабарланды.
- Ақтөбе облысында Шалқар ауданында;
- Алматы облысында Балқаш ауданында;
- Жетісу облысында Қаратал ауданында;
- Қызылорда облысында Арал және Қазалы аудандарында.
Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың пайда болу ықтималдығы жоғары.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтіліп отыр.
Болжам «Қазгидромет» РМК ресми сайтында және www.agrodata.kz қосымшасында жарияланған.
Синоптиктер бұған дейін алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық төмендегі өңірлерде күтілетінін жариялаған болатын:
- Қостанай облысында — Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;
- Батыс Қазақстан облысында — Жаңақала ауданында;
- Қарағанды облысында — Шет ауданында;
- Ақмола облысында — Ерейментау және Аршалы аудандарында;
- Ақтөбе облысында — Шалқар және Ырғыз аудандарында;
- Атырау облысында — Құрманғазы және Махамбет аудандарында;
- Қарағанды облысында — Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;
- Ұлытау облысында — Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;
- Алматы облысында — Жамбыл ауданында;
- Жетісу облысында — Алакөл ауданында;
- Жамбыл облысында — Талас ауданында;
- Қызылорда облысында — Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.
Айта кетейік, БҰҰ құрғақшылық салдары ауқымды болатынын ескерткен еді.