ҚАЖ комитетінің төрағасы облыстық департамент басшыларын қатаң сынға алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Азамат Базылбеков тәртіп пен заңның сақталуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет мәселелері бойынша республикалық видеоселекторлық жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі.

Жиналыстың негізгі мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет пен қызметтік-әскери тәртіпті сақтау жұмыстарының жағдайын талқылау болды. 

Өткен жылмен салыстырғанда, жүйедегі сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендеген. Әйтсе де, жиналыста ҚАЖ жеке құрамы арасында болған оқыс оқиғалар ерекше аталып өтті.

Жиналыста келтірілген деректерге сәйкес, құқықбұзушылықтардың басым бөлігін Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Жамбыл облыстарындағы және Алматы қаласындағы ҚАЖ қызметкерлері жасаған, олардың кейбірі БАҚ-та қоғамдық резонанс тудырды. Жұмыстың аталған бағытындағы кемшіліктер үшін ҚАЖ комитетінің төрағасы облыстық департамент басшыларын қатаң сынға алды.

Селекторлық жиналыс соңында мекеме басшысы бұдан былай ҚАЖ комитетінің басшылығы кез келген заңбұзушылық үшін қатаң және ымырасыз шешімдер қабылдайтынын баса айтты.

Сондай-ақ, ҚАЖ қызметкерлері тарапынан құқықбұзушылықтардың алдын алу және жол бермеуге баса көңіл бөлініп, комитет төрағасы барлық бөлімше басшыларын сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына күш салуға шақырды.