ҚАЖК: Азаптаудың алдын алу үшін Қазақстандағы түрмелер кенеттен тексеріліп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Теңізжан Жәнібеков түрмелердегі азаптау жағдайларының алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жағдайлардыңқайталанбауы үшін (түрмедегі азаптау) біршама іс-шара жүргізіп жатырмыз.Кенеттен тексеру (түрмелерге) ұйымдастырылады. Бейнебақылау жүйесі бар.Қаражаттың бөлінуіне байланысты биылдың өзінде 31 түзеу мекеменіңқызметкерлерінің кеудесіне бейнебақылау камерасын (видеожетон) тақтық. Әрмекемеде өз бейнебақылау жүйесі бар», - деді ол.

Хабарланыпотырғандай, қазіргі таңда Қазақстан аумағындағы 82 түзеу мекемесіндегіқызметкерлердің кеудесіне 1 363 видеожетон тағылған. Жылдың соңына дейін тағы635 видеожетон тағылады.

«2020-2022 жылғақарай да видеожетонмен толық қамту үшін бюджетке өтініш жолдаймыз. Түрмелердегітәртіпті нығайту үшін қызметкерлердің жұмысы қатаң бақылауға алынатын болады»,- деді ҚАЖК төрағасы Дархан Қанатбеков.

Оның айтуынша, Қазақстантүрмелеріндегі адам саны 100 мыңнан 29 мыңға азайған.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағыадамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Алматы облысындаболған оқиғаның бейнежазбасы қоғам наразылығын тудырды.

Ақыры, Алматыоблысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колония басшылығы жұмыстан кетті.



Соңғы жаңалықтар