Жақында Қытайдың Силинхот қаласында «Феникс кубогы» атты 4-ші халықаралық жылқы фотосуреттері байқауы өтті.
Бұл фотосурет байқауын Қытай жылқы қауымдастығының фотографтар филиалы мен Силинхот жылқы өнеркәсібін дамыту орталығы бірлесіп ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты — жылқы саласының өркендеуіне ықпал ету және жылқы тақырыбына арналған фотосуреттерді насихаттау.
Байқау 2017 жылдан бері өткізіліп келеді және осы уақытқа дейін төртінші рет өткізіліп отыр.
Бұл байқауға ҚазАқпарат фотографы Мақсат Шағырбайдың екі суреті қатысты.
Екі фотосурет те үздік суреттер қатарына ілінді.
Фотосуреттердің бірі «Деректі фотосурет» санатында, екіншісі «Көркем фотосурет» санатында байқауға қатысқан еді.