Kazinform фототілшісі Санкт-Петербургтегі байқауда топ жарды
САНКТ-ПЕТЕРБОР. KAZINFORM — Әлемдік деңгейдегі PhotOlympic-2025 байқауында Kazinform фотографы Мақсат Шағырбай топ жарып, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль және 96 қатысушының ішінен арнайы жүлде иеленді.
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Айта кетейік, бұл байқау екінші рет өткізіліп отыр.
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform
Алғаш рет Сербияның Нови-Сад қаласында ұйымдастырылса, биыл әлемнің үздік фотографтарын Ресейдің Санкт-Петербор қаласы қарсы алды.
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Жалпы 96 мықты фотограф бақ сынаған жарыстың басты ерекшелігі — басқа байқауларға мүлде ұқсамайтын шарттарында.
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Қатысушыларға небәрі 24 сағат ішінде 24 түрлі тақырып ұсынылады.
Фото: Мақсат Шағырбай/KazinformФото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Әр тақырыпқа сәйкес түсірілген суреттер сол аралықта қазылар алқасына тапсырылуы тиіс.
Фото: Мақсат Шағырбай/KazinformФото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Ал әділқазылар әр номинацияны балдық жүйемен бағалап, үздіктерді анықтап, марапатқа ұсынады.
Фото: Мақсат Шағыбай/Kazinform
Еске сала кетейік, 13 тамыз күні еліміздегі ең көне медиаресурстардың бірі - Kazinform халықаралық ақпарат агенттігіне 105 жыл толды.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.