«Елордалық полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы 19 ақпанда «Қазмедиа» орталығы ғимаратының алдында Жамбыл облысының тұрғынын газ баллонмен ұстады. Ұсталған адамның мәселелері Жамбыл облысы әкімдігінің құзыретіне жататыны анықталды», - деді департаменттен.
Ведомствоның мәліметінше, қоғамдық тәртіп бұзушыны ұстағаннан кейін профилактикалық әңгіме жүргізілді.
«Қазіргі кезде ұсталған азамат ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша «ұсақ бұзақылық» әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысының әкімдігі құқыққа қайшы әрекеттің туындауына себеп болған мән-жайлардың барлығын қарастыратын болады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, 20 ақпанда «Қазмедиа орталығының» алдында газ балонын жармақ болған жігіт ұсталған еді.