Бұл сында бақ сынаған отандасымыз Елена Потапенко 200 ұпай жинап, 27-сатыға тұрақтады. Бұл сайыста спортшымыз 15 рет қарсыласынан басым түсті.
Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалда А тобында өнер көрсетеді. Олар 200 метрге еркін әдіспен жүзуден өзара мықтыны анықтайды.
Ал үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді.
Айта кетейік, спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ерлер арасында ел намысын қорғап жатқан ұлттық құрама спортшысы Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезеңде семсерлесуде 10 рет жеңіске жетіп (25 рет жеңіліп), 175 ұпай жинап, 35-орынға ие болғанын жазған болатынбыз.