Бұл туралы «Қазцинк» компаниясынан мәлім етті.
- Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.
Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.
- Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті.
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды.
Жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.