Дерекке қарағанда, бастауыш және орта білім беру сапасын арттыру, негізгі ережелерді өзектендіру мақсатында мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) әзірленді.
МЖМБС жобасы екі жыл бойы педагогикалық, сараптамалық қоғамдастықтардың, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және депутаттармен талқылана отырып жасалған.
- МЖМБС жобасында оқытудағы құндылыққа бағдарланған тәсілге және білім берудегі инклюзивті тәсілді арттыруға баса мән берілген. Жаңа МЖМБС жобасында пәндер мен сағаттар саны сақталатынын атап өткен жөн, - ескертті министрліктен.
Білім беру стандарттарын өзектендіру – білім беру саласындағы заманауи үрдістерді ескеруге мүмкіндік беретін жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі қолданыстағы МЖМБС 2016 жылдан кезең-кезеңімен енгізілген болатын. Жаңа МЖМБС апробациясы 2025-2026 оқу жылында басталып, толық іске асыру 2026-2027 жылға жоспарланды.
Толық емес отбасындағы балаларға арналған білім беру квотасы қайта қаралады.