Келесі жылы Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді

Фото: Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Келесі жылы Алматыда 35 шақырым жаңа жол салынады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз мәслихатында қала әкімі Ерболат Досаев айтты.

– Алматы қаласын дамыту бағдарламасының басым бағыты шеңберінде қаланың тұрақты көлік ифрақұрылымы қалыптасып жатыр. Биыл 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшеде 250 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Сондай–ақ, 2024 жылы Саин – Мөңке би көшелеріндегі жол айырығы бойынша көлік қозғалысы ашылды, – деді қала әкімі.

Фото: Алматы әкімдігі

Оның айтуынша, келесі жылы 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

– Сондай–ақ, көлік байланысын Сейфуллин-Жансүгіров жол айырығын, екі радиалды (Саин, Рысқұлов) және екі магистральды көшені (Қажымұқан, Төле би) ұзарту қамтамасыз етіледі. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92% - дан 2025 жылы 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді,– деді Ерболат Досаев.

Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін Алматыда 2025 жылы Абай және Саин көшелерін ұзарту жұмыстары толық аяқталатыны туралы жазған едік.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа үлгідегі көлік тұрақтары пайда болатынын жазғанбыз.