«Келешек мектептері»: 800-ге жуық ауыл мұғалімі біліктілікті арттыру курсынан өтті

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Бұл туралы ведомство мәлім етті.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Курс LMS платформасы арқылы жүзеге асырылды. Платформада қажетті оқу ресурстары мен диагностикалық тапсырмалар қамтылған.

— Оқу үдерісі 11 пән бойынша ұйымдастырылып, педагогтерге өз пәні бойынша заманауи әдістер мен оқу мазмұнын тиімді меңгерді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, алғаш рет мектепте «педагог-профориентатор» лауазымы ресми түрде енгізілді.

Педагогтер үшін ең маңызды әлеуметтік кепілдіктердің бірі — жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығу уақытының ұзақтығын белгілеу. Оның ұзақтығы барлық педагог үшін 56 күнтізбелік күнді құрайды. Ал осы педагогтердің еңбек құқығы қаншалықты қорғалған толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз.